Вторник, 6 мая

6 желтоқсан — Прокуратура қызметкерлерінің күні

0
18
Жыл сайын 6 желтоқсанда Қазақстан прокуратурасының қызметкерлері кәсіби мереке – республика прокуратурасы органдарының құрылған күні атап өтіледі.
Біздің елде прокуратура құқық қорғау жүйесінің алдыңғы қатарлы институттарының біріне айналды. Прокуратура — адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің тиімді қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі маңызды құқықтық институт бола отырып, мемлекеттік билік жүйесінде ерекше орын алады.
Бұл — республикада жоғары қадағалау қызметін жүзеге асыратын жалғыз мемлекеттік орган. Ал Прокуратура органдары қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы, олардың өз ісіне берілгендігі мен адалдығы, кез келген заң бұзушылыққа ымырасыз көзқарасы және көтеріңкі жауапкершілігі азаматтарға Заңның жеңісіне деген сенімін сақтауға көмектеседі.
Сондықтан, елдегі конституциялық тәртіп пен заңдылықты сақтауда, мемлекеттің қарқынды дамуын қамтамасыз етуде елеулі жетістіктерге қол жеткізуде Прокуратура органдары қызметкерлерінің еңбектері орасан!
Қазақстан Республикасының прокуратура қызметкерлерінің кәсіби мерекесі құтты болсын!

Leave a reply